Hyundai Taraz
г. Тараз, ул. Тауке Хана, 35В
05 қараша
Hyundai жақындай түсуде: Астана мен Шымкентте жаңа Hyundai дилерлік орталықтары ашылды

Hyundai ресми дилерлер желісіне 22 қаладағы 36 автоорталық кіреді және Қазақстандағы ең ірі желі болып табылады.

Қазақстанда 3 қарашада бірден үш жаңа Hyundai дилерлік орталығы ашылды. Олардың екеуі Астанада – Hyundai Mangilik және Hyundai Syganaq. Тағы біреуі – Шымкенттегі Hyundai Shymcity, деп хабарлайды Astana Motors құрамындағы Hyundai ресми дистрибьюторы.

Үш жаңа орталық Astana Motors компаниясының Hyundai дилерлік желісін кеңейту және брендтің бүкіл ел бойынша қолжетімділігін арттыру стратегиясын іске асырады. Заманауи автоорталықтар Hyundai GDSI 2.0 әлемдік стандарттарына сәйкес құрылған және бренд философиясын – технологиялылықты, жайлылықты және клиентке бағдарлануды бейнелейді.

«Астана мен Шымкентте жаңа орталықтардың ашылуы Hyundai-нің Қазақстандағы үлесін нығайтудағы кезекті қадам болды. Бүгінгі таңда Hyundai ресми дилерлер желісі елдегі ең ірі желі болып табылады және Қазақстанның 22 қаласында 36 автоорталықты қамтиды. Біз клиенттерімізге автокөліктердің кең таңдауын, сервистің жоғары деңгейін және жолдың әр шақырымында сенімділікті ұсынамыз», - деп атап өтті Қазақстандағы Hyundai дистрибуциясының басшысы Марат Смағұлов.

img
Жаңа Hyundai Shymcity дилерлік орталығы

Hyundai Shymcity дилерлік орталығы Шымкентте Бәйдібек би даңғылы, 27/3 мекенжайы бойынша, Shymkent City жаңа перспективалы ауданында орналасқан. Ауданы 4 200 м² құрайтын орталық 3S форматында жұмыс істейді – авоткөліктерді сату, сервистік қызмет көрсету және түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сату. Кең шоурум орталықтың басқа аймақтарынан бөлек орналасқан және соңғы техникамен жабдықталған, сондықтан клиенттер тыныштық жағдайында Hyundai модельдерінің өзекті желісімен таныса алады.

img
Hyundai Shymcity қызмет көрсету аймағы

Қызмет көрсету аймағы 10 қызмет көрсету бекетінен және автокөліктерді сервиске қабылдайтын жеке жабық аймақтан тұрады. Орталықта Hyundai корпоративтік стандарттары бойынша оқудан өткен 75 маман жұмыс істейді. Екінші қабатта демалыс аймағы және клиенттерге арналған жайлы кафе орналасқан.

img
Астанадағы Hyundai Mangilik дилерлік орталығы

Жаңа елордалық автоорталықтар автокөліктерді жылдам әрі ыңғайлы сатып алуға бағытталған 1S шоурум форматында жұмыс істейді: Hyundai Mangilik дилерлік орталығы Мәңгілік Ел даңғылы, 68 мекенжайы бойынша орналасқан.

img
Астанадағы Hyundai Syganaq дилерлік орталығы

Hyundai Syganaq – Сығанақ көшесі, 28. Олар «Үй маңындағы Hyundai» тұжырымдамасын жүзеге асырады: шағын, қолжетімді және елорданың тығыз қоныстанған аудандарында, тұрғын кварталдардың жанында орналасқан. Олардың әрқайсысы клиенттерге жаңа модельдері бар жайлы шоурумды және автокөлік таңдауда қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ұсынады. Мұнда барлығы 46 жаңа жұмыс орны ашылды.

Толық ақпаратты Hyundai ресми сайтынан, дилерлік орталықтардың парақшаларынан және 7007 телефоны арқылы байланыс орталығынан білуге болады.

Предыдущая страница Су жаңа Hyundai PALISADE Қазақстанда!