Hyundai Taraz
г. Тараз, ул. Тауке Хана, 35В
Hyundai G80, Ergo Motion алдыңғы орындықтары

Ergo Motion алдыңғы орындықтары

Жад функциясы бар Ergo Motion алдыңғы орындықтары аса жоғары жайлылық деңгейі үшін Aktion Gesunder Rucken e.V. арқа денсаулығы жөніндегі неміс ұйымының алдында абыройы артты. Жастыққа және орындықтар арқасына кіріктірілген ауа камералары қозғалыс режиміне байланысты рульге оңтайлы отыруды қамтамасыз етеді. Ал жад функциясы бір түймені басып, тиісті профиль үшін сақталған сыртқы айналардың, рульдің және проекциялық дисплейдің орындарын баптауды таңдауға мүмкіндік береді.

Артқы қатардағы көп функциялы тұтқа

Артқы қатардағы көп функциялы тұтқа

Артқы қатарды көп функциялы шынтақтаянышы сымсыз зарядтау және кіріктірілген контроллер жүйесімен жасақталады, бұл жолаушыларға ақпараттық ойын-сауық жүйесін, желдету және жылыту функцияларын басқаруға, сондай-ақ орындықтардың қалпы мен арқалардың еңкею бұрышын реттеуге мүмкіндік береді.

Электрмен реттелетін артқы орындықтар

Электрмен реттелетін артқы орындықтар

Электрреттегіштер және желдету және жылыту функциялары бар артқы орындықтар арқаның еңкею бұрышын реттеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жылдың кез келген мезгілінде жайлылықпен қамтамасыз етеді. Желдету режиміндегі желдеткіштердің айналу жиілігі автокөліктің қозғалыс жылдамдығына қарай автоматты реттеледі. Артқы орындықтардың желдету және жылыту функцияларын жүргізуші орнынан климаттық қондырғының сенсорлы панелі арқылы басқаруға болады.

Ақпараттық ойын-сауық жүйесі

Ақпараттық ойын-сауық жүйесі

Артқы жолаушыларға арналған ақпараттық ойын-сауық жүйесі екі дисплеймен жасақталады және фильмдер, телебағдарламалар қарауға және түрлі мультимедиялық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді. Алдыңғы орындықтардың арқаларына орнатылатын сенсорлық панельдер бір-біріне тәуелді емес, сондықтан жолаушылар бір уақытта әртүрлі контентті ойната алады.

Артқы қалқа

Артқы қалқа

Электржетегі бар артқы қалқа жолаушыларды күн сәулелерінен және бөтен көздерден қорғайды.

www.hyundai-taraz.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.