Hyundai Taraz
г. Тараз, ул. Тауке Хана, 35В
Hyundai G90, СЕНІМДІ ЖӘНЕ ЫҢҒАЙЛЫ ЖҮРУ

СЕНІМДІ ЖӘНЕ ЫҢҒАЙЛЫ ЖҮРУ

Жүргізуші мен артқы орындықтар жабдықталған заманауи жайлылық функциялары барынша рақаттану сезімін сыйлайды. Орындықтардың оңтайлы пішіні мен 4 қалыпта электрмен реттелетін аяқ тіреуішінің арқасында жайлылықтан ләззат алыңыз.

Hyundai G90, Автоматты есік тұтқасы

Автоматты есік тұтқасы

Есіктің автоматты тұтқалары қозғалыс немесе тұрақ кезінде жасырын тұрады және жүргізуші жақындағанда немесе оған зияткерлік кілтпен қол тигізгенде, есікті ашу үшін шанақтан (кузовтан) шығады.

Hyundai G90, Easy Close жүйесі

Easy Close жүйесі

Easy Close жүйесі жүргізуші көлікке отырғанда есіктерді жабады. Алдыңғы және артқы есіктерді жауып, жүргізуші мен жолаушыларды есікке қол созудан босатады. Ол орталық консольде, екінші қатардың тіреуіштерінде және есік панельдерінде орналасқан батырмамен іске қосылады.

Hyundai G90

Артқы орындықтағы аяқ пен табан тірегі

Артқы орындықтағы аяқ пен табан тірегі

Артқы орындықтағы аяқ пен табан тірегі қосылып, шынайы жайлылық сыйлайды. Ол массаж және жылыту/желдету функцияларымен жабдықталған.

Ergo Relaxing Seat орындығы

Ergo Relaxing Seat орындығы

Ergo Relaxing Seat орындығы 10 ауа жастығынан және 2 камералы жастықтан тұрады, 4 түрлі массаж режимін ұсынады: толық дене, бел, жамбас және жоғарғы дене. Үш түрлі ұзақтық пен қарқындылық нұсқасы бар. Жүйе көлік жылдамдығы датчигіне, артқы орындықтағы «One Step» режиміне және Mood Curator жүйесіне қосылып, дененің оңтайлы қалпын қамтамасыз етеді.

First Class VIP орындықтары

First Class VIP орындықтары

VIP-орындықтың еңкеюін және бойлай орналасуын реттеу функциялары бір-бірімен байланысқан, соның арқасында мінсіз еңкею деңгейі қамтамасыз етіледі. VIP-орындықты бір-бірінен бөлек реттеуге болады. Ұзартылған аяқ тіреуіші (сирақ пен табан үшін) ұзақ сапарларда барынша ыңғайлы орналасуға мүмкіндік береді.

Hyundai G90, 8 дюймдік сенсорлық экран (ATS)

8 дюймдік сенсорлық экран (ATS)

8 дюймдік сенсорлық экран (ATS) артқы орындықтағы жолаушыларға климат-бақылауды, орындықтың қалпын, массаж параметрлерін, перделер мен жарықты басқаруға мүмкіндік береді. Экран әр функцияны түсіндіретін графика мен анимациямен айқын нұсқаулық береді.

Hyundai G90, 14,6 дюймдік екі артқы монитор

14,6 дюймдік екі артқы монитор

14,6 дюймдік екі артқы монитор әр тарапты бөлек басқаруға мүмкіндік беріп, дербес ойын-сауық ұсынады. Артқы қатарға арналған арнайы мультимедиялық жүйе жаһандық және жергілікті OTT-контентке, Bluetooth-гарнитураға, қашықтан басқаруға, смартфон айнасына, Chromecast-қа және тағы басқасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Hyundai G90, One Step Exclusive Mode интеграцияланған қосқышы

One Step Exclusive Mode интеграцияланған қосқышы

Орындықтардың жады функциясының арқасында жолаушылар артқы орындықтардың жекешелендірілген баптауларын бір тиісумен басқара алады.

www.hyundai-taraz.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.